Ақтауда банкке пышақпен кіріп, жұртты шошытқан ер адам видеоға түсіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда банкке пышақпен кіріп, жұртты шошытқан ер адам видеоға түсіп қалды

Ақтауда банкке пышақпен кіріп, жұртты шошытқан ер адам видеоға түсіп қалды

 

  • 30 Қаңтар 2023
  • 9
Фото - Caravan.kz

Ақтауда ер адам банкке келушілерді пышақпен қорқытқан. Оқиға видеоға түсіп қалған, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақтау Полиция басқармасы мәліметінше, оқиға 16 қаңтарда болған. Белгісіз ер адам ішкілік ішкен күйде 31А шағынауданы №14 мекенжайындағы "Халық банк" бөлімшесінде тұрған адамдарға пышақ көрсетіп, қарақшылық шабуыл жасағаны анықталған.

"Жедел іздестіру нәтижесінде Ақтау қаласы ПБ қызметкерлерімен 43 жастағы ер адам қолға түсіп, қамауға алынды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", — делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар