Ақтауда цистерна жарылып, күйіп қалған жігіт ауруханада қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.59
  • 578.91
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда цистерна жарылып, күйіп қалған жігіт ауруханада қайтыс болды

Ақтауда цистерна жарылып, күйіп қалған жігіт ауруханада қайтыс болды

9 қаңтарда Ақтау маңында цистерна жарылып, ауруханаға жеткізілген екі жігіттің бірі қайтыс болды.

  • 9 Қаңтар 2023
  • 6
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Lada.kz басылымының жазуынша, күйік шалған 1989 жылғы жігіт ауруханада көз жұмды.

"Науқастардың бірі қайтыс болды. 1981 жылы туған екіншісінің жағдайы әлі ауыр деп бағалануда. Оның бассүйек-ми жарақаттанған, оң аяғы мен оң иығы күйген. Науқастың жағдайын жақсарту үшін дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр", – деп хабарлады ауруханадан.

8 қаңтарда Ақтау маңында жанар-жағармай тиелген цистерна жарылды. Жарылыс салдарынан зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді.