Жарияланды: 800

Ақтауда дыбыспен белгі беретін арнаулы бағдаршамдар орнату көзделіп отыр

2004-жылғы Ақтау қалалық бюджетінде мүгедектерге қызмет көрсететін мекемелердің маңы мен мүгедектер келуі мүмкін жерлердегі жол бойына дыбыспен белгі беретін арнаулы бағдаршамдар жасап орнатуға, жол белгілері мен сілтемелер орнатуға қаржы бөлу көзделіп отыр. Бұл туралы қалалық мәслихаттың сессиясында айтылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Сондай-ақ, дыбыстық қондырғылармен жабдықталған жаяу өткелектер салуды қаржыландыруға арналған есептер жасалды. Қалалық мәслихаттың сессиясында мүгедектерді әлеуметтік қорғау ахуалына қатысы ақпарат тыңдалды. Қала әкімінің орынбасары Ұлдай Сыдықованың хабарлауынша, биыл мүгедек балалары бар ата-аналар мен 3-ші топтағы мүгедектер арасынан 42 адамды жұмыспен қамту жоспарланыпты. Ұ.Сыдықова сондай-ақ, мүгедектерді әлеуметтік қолдау тұрғысында кедей отбасылардағы мүгедектерге қайырымдылық көмек көрсетуге едәуір маңыз беріліп отырғанын атап көрсетті. Мәселен, соның арқасында қала әкімі мен тасымал кәсіпорындары басшыларының арасындағы келісімге сәйкес 1 және 2-топтағы мүгедектер қоғамдық көліктерде тегін қатынау құқығына ие болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть