Ақтауда интернационалист-жауынгерлерге арналған болашақ ескерткіштің іргетасы қаланды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.52
  • 553.75
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда интернационалист-жауынгерлерге арналған болашақ ескерткіштің іргетасы қаланды

Ақтауда интернационалист-жауынгерлерге арналған болашақ ескерткіштің іргетасы қаланды

Ақтауда интернационалист-жауынгерлерге арналған болашақ ескерткіштің іргетасы қаланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Мамыр 2005
  • 604
Фото - Caravan.kz

Рәсімге облыс әкімі Болат Палымбетов қатысты.

Интернационалист-жауынгерлерге арнаған өз сөзінде Б.Палымбетов былай деді: «Бүгін біз сіздермен бірге майданда мерт болғандардың рухын қайғыра еске ала отырып, олардың ерлігіне бас иеміз. Ажалмен сағат сайын бетпе-бет келгендеріңізге қарамастан, берген антқа адалдық танытып, өз жауынгерлік борыштарыңызды атқарып шықтыңыздар. Сіздер ерлік пен табандылықтың үлгісін, әскери іске кәсіби адалдық таныта білдіңіздер».
Болат Палымбетов интернационалист-жауынгерлерге және олардың отбасыларына бақыт тілеп, балаларына «әкелері тап келген ауыр сынақтан аман болуды» тіледі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ақтауда Ауғанстанда қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерге ескерткіш ашу Конституция күні — 30-тамызға орайластыра межеленген болатын. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 8 млн. теңге бөлінді. Қазір Жеңіс саябағында интернационалист-жауынгерлерге арналған Даңқ аллеясы құрылуда.