Ақтауда көлік ағаштарды қиратып, қызды қақты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда көлік ағаштарды қиратып, қызды қақты (ВИДЕО)

Ақтауда көлік ағаштарды қиратып, қызды қақты (ВИДЕО)

Ақтауда жаяу жүргіншілер жолында тұрғынды көлік қақты.

  • 3 Желтоқсан 2021
  • 62
Фото - Caravan.kz

Желіде осы сәттің видеосы тарады.

Кадрда қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік тротуарға шығып кетіп, жас ағаштарды сындырғаны көрінеді. Машина қызды соққанға дейін бірнеше метр жүріп өтті. Кейбір адамдар көліктен қашып үлгерді, деп жазады Lada.kz.

Оқиға 2 желтоқсанда кешкі он шамасында 12-ші шағын ауданда болған. Toyota Sienna жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Куәгерлер рөлде әйел отырғанын айтты.

Зардап шеккен 28 жастағы тұрғын аса ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр. 

Облыстық полиция департаменті бұл оқиға қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігіне сай ("көлiкті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы") сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілгенін хабарлады.


Бұл бап бойынша кінәлі деп танылған адам екі мың айлық есептік көрсеткішке (5 миллион 800 мың теңгеден астам) дейін айыппұл арқалауы мүмкін. Дәл осы мерзімге түзету жұмысына немесе алты жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы да қарастырылған. Екі жылға дейін бас бостандығы шектелуі немесе дәл осы мерзімге түрмеге қамалуы мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар