Ақтауда көпбалалы отбасының баспанасы отқа оранып, далада қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда көпбалалы отбасының баспанасы отқа оранып, далада қалды

Ақтауда көпбалалы отбасының баспанасы отқа оранып, далада қалды

Үй жарты сағат ішінде түгі қалмай, түгел жанып кеткен. Оттың ортасынан шығу үшін кішкентай балғындар терезеден секірген көрінеді. Енді киім-кешек, ақша мен құжаттары өртеніп кеткен 10 баласы бар шаңырақ кімнен көмек сұрарын білмейді.

  • 2 Сәуiр 2014
  • 255
Фото - Caravan.kz

Үйді толық шарпыған жалыннан аман қалғаны көпбалалы ананың алтын алқасы мен бірнеше фотоальбом. Жанұя мүшелері таңның атысымен күлге айналған дүние-мүлкінің ішінен жарамды заттарды іздестіруде. Ал кіре беріс бөлмеде қылаң берген жалын әп сәтте тез таралған.

Айман Өтешева, көпбалалы ана:

— Сумен отты өшірмек болып есікті ашып, шлангты кіргіздік. Бірақ тілсіз жау бой бермей, күш ала берді.

Өрт сөндірушілер келген уақытта бірқабатты үй толықтай жанып кеткен. Құдай сақтап зардап шеккендер жоқ. Ал лаулап жанған оттың ортасынан,  үйдің үлкені кіші бауырларын алып терезеден секірген. Әйтеуір бірінші қабат болғандықтан еш зақым алған жоқ.

Сәтжан Өтешев:

-Барлығымыз жүгіріп шықтық. Аяғымда үйге киетін аяқ киім болды. Ал іні-қарындастарым жеңіл киінген болатын. Сыртқа шыққан соң түтінге қарап тұрдық. Себебі қолымыздан басқа ештеңе келмеді.

Балалардың ешқайсысы бүгін мектепке де бармапты. Себебі киер киім, оқитын оқулық пен қалам-дәптердің барлығы жанып кеткен.Қазір олардың барлығы туыстарының үйінде тұрып жатыр. Бірақ тар болғандықтан бұл жерде де ұзақ қала алмайтын секілді. Ал Өтешевтер отбасы он күннен соң 11-інші  сәбидің туылғанын күтіп отырғандықтан жағдайлары  қиындай түспек.


Айман Өтешева, көпбалалы ана:

—   Әкімдікке анықтама алуға бардық. Бірақ бұл іс созбаққа салынып жатыр. Уақытша пәтер сұраған да едік. Ол мәселе шешімін тапқанша қолымыздан келгенше өз үйімізді қалпына келтіріп көреміз.

Өтешевтердің тек отағасы жұмыс істейтін болғандықтан тез арада жөндеу жұмыстарын жасау мүмкін болмай отыр. Ал шенеуніктер  өз көмегін ұсындапты да. Қазірше тек қайырымды жандар қолұшын беруде. Ал 10 баласы бар келіншектің он бірінші сәбиіне аяғы ауыр.