Ақтауда қанды оқиға орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда қанды оқиға орын алды

Ақтауда қанды оқиға орын алды

4 сәуір күні кешке қарай Ақтау қаласының 11 шағын ауданында қанды оқиға орын алды, деп жазады "Лада".

  • 5 Сәуiр 2016
  • 405
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, №31 үйдің ауласынан тұрғындар біреулер пышақтап кеткен ер адамды тапқан. Ал №30 көрші үйдің кіреберісінен ес-түссіз жатқан тағы бір ер адам табылған.

Оқиға орнына келіп жеткен дәрігерлер 1991 жылы туған жас жігітті пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізді. Оның жағдайы туралы мәлімет жоқ. Жедел жәрдемнің екінші бригадасы болса, оқ тиген жігіттің қайтыс болғанын тіркеді.

Куәгерлердің айтуынша, олар тарс еткен дыбыс естіген. Терезеден қарағанда қан-жоса болып жатқан жігітті көрген.


Оқиға орнында полицейлер, криминалистер және прокуратура қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы кейінірек хабарланады.