Сол күтуші әйелдің айтуынша, безбүйрек ана бір апта бұрын одан баласын қарай тұруды өтінген. Кешкісін келуге уәде еткен келіншек үшті күйлі жоғалып кетіпті. Көп ұзамай, Расул есімді тастандының ыстығы көтеріліп, сырқаттанып қалған. Ауруханаға апарған да сол күтуші әйел екен. Бронхитке шалдыққан шақалақ қазір дәрігерлердің қарауында. Қазір тасбауыр ананы полиция іздеп жатыр. Егер табылмаса, тастанды сәби балалар үйіне жөнелтіледі.