Ақтауда суыққа төзімді пальма өсіріле бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда суыққа төзімді пальма өсіріле бастады

Ақтауда суыққа төзімді пальма өсіріле бастады

Маңғышлақ экспериментальді ботаникалық бағының қызметкерлері субтропикалық өсімдерді жерсіндіру сынағын жүргізіп жатыр.

  • 11 Қараша 2021
  • 39
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл ең алдымен соңғы жылдары климат өзгеруінің байқала бастауымен байланысты. Климат көрсеткіштеріне жүргізілген сараптама нәтижесіне сәйкес, соңғы 10 жылда Маңғыстауда жылдың 286 күнінде орташа температура +10 градус болып тұр. Климаттың мұндай көрсеткіші Маңғыстауда жылыны жақсы көретін өсімдік түрлерін жерсіндіруге мүмкіндік береді деген пайым бар», — делінген аталған бақтың Facebook парақшасында жарияланған ақпаратта.


Қазіргі уақытта бақ анар, зәйтүн, лавр, темір ағаш, магнолия, гүлшетен сынды субтропикалық өсімдіктерді жерсіндіру сынағын жүргізіп жатыр.

«Бұған қоса, бақта қыста -10 градусқа дейінгі температураға төзімді пальманың үш түрі сыналуда. Биыл 12 көшеттің екеуі ғана қысты күні шықпай қалды. Қалғандары өсіп тұр. Эксперименттік жұмыс жалғасуда», -делінген бақ мәліметінде.