Толик пен Элеонора 4 күннен бері достасып үлгерген. Бірге мульфильм көріп ойнап жүр. Екеуі де сурет салғанды ұнатады екен. Тірі жетім атанған бұл екі баланы аналары тастап кеткен. Ес біліп қалған 10 жастағы Анатолий бейімдеу орталығына осыдан тура бір ай бұрын әкеліпті. Жеткіншекті ішкіш шешесі жоғалған жоқ, танысы осында өткізген.Араққұмар анасына Толиктің де оралғысы жоқ.
Анатолий Айрапетян:
— Маманың досы мені тәтенікіне, ал тәте мені полицияға әкелді. Менің барғым келіп тұрған жоқ, папаға, мамаға. Маман арақ ішеді, сосын үйде болмайды.
Ал бұл екінші тастанды – 6 жасатағы Элеонора. Бүлдіршін айдалада тентіреп жүрген жерінен осында әкелінген. Көп сөйлесігі жоқ, қыз тек анасының есімі Динара екенін ғана жеткізді.
— Мамаң қайда?
– Басқа үйге кетіп қалды.
Аты кім?
– Динара!
Қазір полиция қос тастандының жақындарын іздестіріп жатыр. Бейімдеу орталығының қызметкерлері екеуінің де аналары табылып қала ма деп үметтеніп отыр.
Динара Матжанова, Бейімдеу орталығының әлеуметтік педагогі:
— Мына Анатолий дейтін бала бізде сәуірдің 12-сінен бастап жатыр. Анасы бұны белгісіз бірі адамға тастап кеткен. Ал ЭлеонораТоғызбаева. Бірақ оның аты жөні толықтай белгісіз. Тек өзінің айтуы бойынша. Бізде 9 мамыр күін келді. Ана-анасымен қосылғанын қаламайды.
Қос балғынның әзірге тағдыры белгісіз. Десе де жақын күндері ата-анасы іздеп келмесе, екеуі де балалар үйіне жіберілетін болады.