Киевтегі №410-шы зауытқа ТМД-ға таралған талай ұшақ жөндеуге баратыны жасырын емес. Соның ішінде біздің елдің Шекара қызметі кеңінен қолданатын АН-72-де бар. Ұшақ толық тексеруден өтіп Ақтауға бет алған екен. Дегенмен әуежайға таяп қалғанда ұшақтағы қысым кенет төмендеп сол жақтағы қозғалтқыш мүлдем істен шыққан. Қазір өлім аузынан қалған экипаж құрамы мен әуе көлігін меншігіне алған Ұлттық қауіпсіздік комитеті Киевке хабарлама жіберіп, істерінің олақ екенін ескерткен. Енді алдағы аптаның ішінде бұзылған ұшақты сол жақтың мамандар келіп жөндеп беруі қажет. 2012 жылы Шымкент шетінде дәл осындай АН-72 әскери ұшағы апатқа ұшырап, Шекара қызметінің басшылары бар 20 адам мен экипаждың 7 мүшесі қаза тапқан. Ол әуе кемесі де апаттан бұрын сол Киевтегі зауытта жөндеуден өткен болатын.