Ақтауда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Ақтауда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Жедел жәрдемнің өзіне жәрдем қажет болды. Ақтауда науқасқа асыққан жедел жәрдем бригадасы, жол апатына ұшырап, ішіндегі 4 адам зардап шекті.

  • 17 Мамыр 2014
  • 327
Фото - Caravan.kz

Оқыс оқиға таңертең Ақтау қаласының орталық көшесінде болған. Медициналық көлікті жол қиылысында Тойота өткізбей алдын орап кетіпті. Салдарынан жедел жәрдем жеңіл көлікті соғып барып аударылып қалған. Науқасқа асыққан фельдшер мен тәжірибеден өтіп жүрген 2 студентті және жүргізушінің өздерін дереу ауруханаға қайтаруға тура келді. Басынан жараланған дәрігер қазір әріптестерінің бақылауында. Ал жеңіл көлік жүргізушісі дін-аман. Айтуынша, жедел жәрдем дабыл белгісін қоспай, қызылға өткен.


Жандос Сарыбеков, көлік жүргізушісі:

-Ешқандай дыбысыз келіп соқты. Мен өзім жасыл түске жүріп келе жатқам. Жедел жәрдем көлігі қызылдан өтіп соқты.