Куәгерлердің айтуынша, бала үйдің алдына тұрғызылған металл конструкциялы тор қоршаудың үстіне түсіп аман қалған.
Пәтер иелері кооперативі қызметкері баладан қорықауын, ешқайда қозғалмауын сұрап, сатымен жоғары шығып баланы түсіріп алған.
Баланы ауруханада қараған дәрігерлер, оның ешқандай жарақат немесе зақым алмағанын айтты.
Құқық қорғау органдары қазіргі таңда болған жайды сараптап жатыр. Орын алған оқиғаға орай полиция жергілікті тұрғындарға терезелерін ашық қалдырмауды, егер үйде кішкентай бала болса, оларды қараусыз қалдырмауды сұрап өтініш айтуда.