Ақтауда жүкті келіншекті көлік қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда жүкті келіншекті көлік қағып кетті

Ақтауда жүкті келіншекті көлік қағып кетті

Ақтауда жол жиегіне келіп соққан автокөлік екіқабат келіншек пен баланы темір қақпаға қарай тықсырып тастаған.

  • 15 Желтоқсан 2016
  • 1169
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы lada.kz хабарлайды.

Жол-көлік оқиғасы 15 желтоқсан күні болған. Таңғы 09:00 шамасында жол жиегінде кетіп бара жатқан екіқабат әйелді соққан көлік оны мен кішкентай баласын темір қоршауға қарай тықсырып жіберген.

Жүкті келіншек бірден қалалық аурухананың жансақтау бөліміне орналастырылған.

“Жүргіншілер жолағында кетіп бара жатып көлік апатынан зардап шеккен 25 жастағы жүкті келіншек ауруханаға түсті. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Алайда жүкті болғанына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылды. Оған операция жасалынады. Құрсақтағы сәби өміріне қауіп төніп тұрған жоқ”, – деп хабарлады аурухана өкілдігі.