Ақтаудың өнеркәсіп аймағындағы өрт ауыздықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтаудың өнеркәсіп аймағындағы өрт ауыздықталды

Ақтаудың өнеркәсіп аймағындағы өрт ауыздықталды

 Ақтаудағы мұнай қалдықтарын сақтайтын кешен аумағынан шыққан өрт ауыздықталды.

  • 14 Қаңтар 2015
  • 529
Фото - Caravan.kz


«Өрт «Экотехникс» ЖШС қалдықтармен жұмыс істейтін кешеннің қоймаларының бірінен шыққан. Кешен әлі пайдалануға берілмеген. Жалын жалпы аумағы 200 шаршы метрді шарпып үлгерді», — деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, «Жұбантранссервис» ЖШС-не тиесілі «Камаз» көлігі де толық жанып кеткен.
«Бастапқы болжамдар бойынша, өрт мұнай қалдықтарын қоймаға құю барысында тұтанған болуы мүмкін. Адам шығыны жоқ. Өрт ауыздықталды», — делінген хабарламада.