Ақтаулық жас аяқдопшылар Түркиядағы халықаралық турнирдің топтық іріктеуінде 2-ші орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтаулық жас аяқдопшылар Түркиядағы халықаралық турнирдің топтық іріктеуінде 2-ші орын алды

Ақтаулық жас аяқдопшылар Түркиядағы халықаралық турнирдің топтық іріктеуінде 2-ші орын алды

Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан «Түрік демалыстары» халықаралық турнирінде 1999 жылғы жасөспірімдер арасында бақ сынап жатқан Ақтау қаласының «Каспий» командасы бүгін жартылай финалдық ойынын өткізеді.

  • 29 Наурыз 2013
  • 455
Фото - Caravan.kz

Топтық сында олар Ресейдің Мәскеу қаласының «Рублево» және Раменское қаласының «Пионер» командасымен «С» тобында өнер көрсетіп, екі ойында да 1:1 есебімен тең түсті. Онда бір ойында жеңіп, бір ойында тең түскен мәскеуліктер 4 ұпаймен бірінші, ақтаулықтар 2-ші, ал бір ойында тең түсіп, бір ойында жеңілген раменскіліктер 1 ұпаймен 3-ші орынды қанағат тұтты.

Кеше ширек финалдық ойында ақтаулықтар «А» тобында 9 ұпаймен бірінші орын алған Ресейдің Мәскеу қаласының «Академия Строгино» командасымен кездесіп 1:7 есебімен ойсырай ұтылды. Бүгін олар 28 наурызда «В» тобында 1-ші орын алған Тбилиси қаласындағы өз отандастарының «Локомотив» командасына 1:6 есебімен ұтылған «Д» тобында 2-ші орын алған Грузияның Кутаиси қаласының «Аваза» командасымен кездеседі.