Ақтөбе әкімі нан құнының қымбаттауына байланысты жағдайды түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе әкімі нан құнының қымбаттауына байланысты жағдайды түсіндірді

Ақтөбе әкімі нан құнының қымбаттауына байланысты жағдайды түсіндірді

Актөбе. 4 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе әкімі Серік Нокин бүгін қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында нан құнының өсуіне байланысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 4 Қаңтар 2008
  • 471
Фото - Caravan.kz

Қала басшысының сөздеріне қарағанда, зауыт шығарған бір бөлке нан бағасының 50 теңгеге өсуі, «аймақта негізгі нан өндірушілері болып отырған «Ақтөбе-нан» АҚ бірінші сортты ұнның орнына, жоғарғы сортты ұнынан нан шығара бастауына байланысты».

«Соның нәтижесінде бір бөлке нан 46 теңгеден жіберліп, дүкендерде 50 теңгеге сатылатын болды», — деп атап өтті әкім.

С. Нокиннің айтқанындай, алайда «бұл Ақтөбеде 35 теңгелік нан сатылмайды деген сөз емес. Басқа нан өндірушілері азық-түлік тізімінің басында тұрған нанды 32 теңгемен сатады».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті