Жарияланды: 550

Ақтөбе, Астанада болған жарылыстар - Орталық Азияда іріткі тудырушы күштердің ықпалы

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтановтың пікірінше, Ақтөбе мен Астанада болған жарылыстар Орталық Азия аймағына іріткі тудырушы күштердің енуі күшейе бастағанын айғақтайды

"Егер бұрын Қазақстан тыныш ел болса, Алматы, Ақтөбе мен Астанада атыс қаруын немесе қолдан жасалған жарылғыш заттарды қолданумен болған соңғы оқиғалар Орталық Азияда іріткі тудырғысы келетін күштердің енуі күшейе бастағанын көрсетеді", - деп Б.Сұлтанов "Ауғанстан: Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке қазір мен келешектің ықпалы" халықаралық конференцияда мәлімдеді. Сонымен қатар, ол Ауғанстандағы жағдайды реттемейінше, Орталық Азиядағы ахуал нашарлай беретінін атап көрсетті. "Біз бүгінгі таңда, өкінішке орай, Орталық Азияның халықаралық терроризм, діни экстремизм, есірткі трафигі, ұйымдасқан қылмыс, заңсыз көші-қон белең ала бастаған аймаққа айналуының куәсі болып отырмыз", - дейді Б.Сұлтанов. Саясаттанушы бұған себеп саяси және экономикалық реформалау үрдісінің аяқталмағаны және Орталық Азия елдерінде күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдай екенін айтады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін