Өрт сөндірушілер марқұмдардың сүйектерін үйінді астынан әзер тапқан. Себебі, денелері түгел жанып, бас сүйектері ғана қалыпты. Ал от тұтанған баспанаға жапсарлас орналасқан үй де күлге айналды. Абырой болғанда таңсәріде сиыр саууға тұрған көршісі жалынды көріп, төрт баласын сыртқа шағырып үлгерген. Бірақ қазір жалғыз баспаналарынан айрылған олар қайда барарын білмей отыр. Тіпті өрт кезінде құжаттарын да алып үлгермеген.
Жәмиға Абдуллина, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
— Үйім жанып жатыр шатыр-гүтір етіп дымы қалмай. Үлгере алмай қалдық ештеме алып. Құжаттардың бәрі кетті. Баланың құжаттары, киімдер де. Ештеңе қалған жоқ.