Ақтөбе мен Ресей шекарасы аралығындағы жолда көлік қозғалысы шектелді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе мен Ресей шекарасы аралығындағы жолда көлік қозғалысы шектелді

Ақтөбе мен Ресей шекарасы аралығындағы жолда көлік қозғалысы шектелді

Боранға байланысты Ақтөбе облысы аумағындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді.

  • 13 Қаңтар 2015
  • 430
Фото - Caravan.kz

«Қазақавтожол» РМК мәліметіне қарағанда, бүгін «Ақтөбе-Орск» автожолының 8-135 шақырымындағы Ақтөбе қаласы мен Ресей шекарасы учаскесінде жүк және қоғамдық көліктер үшін жол жабылды.

Бұдан бөлек, «Самара-Шымкент» жолының 526-723 шақырымындағы БҚО шекарасы мен Ақтөбе аралығында да жүк және қоғамдық көліктердің жолға шығуына шектеу енгізілді.

Ал еліміздің өзге республикалық жолдарында көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте жүзеге асырылуда.