Ақтөбе облыстық ІІД құпия құжаттары интернетке шығып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облыстық ІІД құпия құжаттары интернетке шығып кетті

Ақтөбе облыстық ІІД құпия құжаттары интернетке шығып кетті

Ақтөбе облыстық ІІД құпия құжаттары интернетке шығып кеткені белгілі болды, деп ҚазТАГ тілшісі хабарлады.

  • 1 Тамыз 2011
  • 617
Фото - Caravan.kz

Оперативтік тексеру істерінің (ОТІ) сканирленген көшірме құжаттарын кез келген адам көре алады. Ал негізінде бұл құжаттар заң бойынша, құпия құжаттар санатына жатады.

ОТІ-де тұлғаның барлық байланыстары, оның жеке қасиеті, бейімділігі, мінезінің күшті және әлсіз тұстары, қандай да ортада өзін ұстай білуі, оның психологиялық кейпінің мәліметтері және тіпті оның жеке өмірінің кейбір тұстары көрсетіледі.

Құжаттарда нақты полицейлердің аты-жөндері көрсетілгеніне қарап, бұл құжаттар түпнұсқалық деген қорытынды шығаруға болады.

Заң бойынша, егер ОТІ басқа біреудің қолына түсетін болса, онда ақпараттың жарияланып кетуіне айыптыны қылмыстық жауапкершілікке дейін тарту қарастырылған. Мұндай құжаттарды сақтау тәртібі арнайы ережемен айқындалған. ОТІ-не қол жеткізе алатын адамдардың тізімі қатаң шектеулі.

2010 жылы экс-полицейлер Ғалия Мұхамбетова мен Күмісбек Қанымбаев «әскери-қызмет тәртіпті дөрекі бұзғаны үшін» облыстық ІІД-ден қуылған болатын. Оған себеп — құпия бөлмедегі жекелеген құжаттардың жоғалғаны болды. Құжаттарды ұрлаған адам оны ұлттық қауіпсіздік комитетіне поштамен салып жіберіпті.

Соңғы жаңалықтар