Жарияланды: 780

Ақтөбе облысы Ембі қаласының әкімі пара алғаны үшін Т935 мың көлемінде айыппұл төлейді

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының шешімімен Ембі қаласының әкімі Қуандық Жұбанышев пара алғаны үшін Т935 мың көлемінде айыппұл төлейтін болды.

«2011 жылдың 10 наурызында Қ. Жұбанышев делдалы - әкімдіктің бас маманы арқылы азамат Н.-нан 76 мың теңге пара алған», - деп мәлім етті облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымжан Әбубәкіров. Қала басшысы параны ақшалай емес, сыйлықпен алған. Ембі әкімі тендерде жеңіске жеткен фирмадан Наурыз мерекесіне орай ақсақалдарға сыйлық алуды, ЖШС есебінен теледидар, екі шапа, қамзол және басқа да заттар сатып алуды сұраған. Сыйлықтардың жалпы құны Т76 мың құрады. Кәсіпкер қаржы полициясына шағымданған. «Ембі қ. әкімі және ветеринария жөніндегі бас маман Кенжебай Бердібаев қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланғандарын мойындадф», - деп атап көрсетті Г. Әбубәкіров. Сот шешімімен Қ. Жұбанышев бюджеткен өзінің алты айлық жалақысы көлемінде Т935 мың, К. Бердібаев Т339 мың айыппұл төлейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть