Ақтөбе облысы мен Ресей аралығындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысы мен Ресей аралығындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Ақтөбе облысы мен Ресей аралығындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Ақтөбе облысы аумағындағы боранға байланысты бірқатар жолдар жабылды. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен хабарланды.

  • 5 Ақпан 2014
  • 308
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, кеше кешқұрым «Ақтөбе-РФ шекарасы (Орск)» жолының 70-135 шақырымында көліктің барлық түрлері үшін жолдарда шектеу енгізілді.

Бұдан бөлек, «Ақтөбе-РФ шекарасы (Орынбор)» жолының 7-99 шақырымындағы Ақтөбе мен Ресей шекарасы аралығында жол жабық.

Сонымен қатар кеше 21:50 кезінде «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» жолының 0-258 шақырымындағы Қандыағаш пен Шалқар учаскесінде көлік қозғалысы шектелді.