Мамыр басталысымен мамандардың болжамын естіген ақтөбелік егіншілерден маза кетті. Шегіртке жылдағыдан екі есе көп болуы ықтимал. Тұқымын дер кезінде жоқ қылмаса, шаш етектен шығынға батқалы тұр. Биыл елімізде мемлекеттің қолдауымен зиянкестерді улау шарасы басталғанымен, диқандарды көрші елдің бейқамдығы алаңдатып отыр.
Оразбек Далмағамбетов, Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының басшысы:
-Бізге қауіп төндіретін Ресей. Ресейдің Орынбор облысы жеті ауданы біздің бес ауданмен шекараласып жатыр. Біз территориямызды жақсылап улауға мүмкіндігіміз бар. Мен қорқатыным Ресей жағы бұл істі кешеуілдетсе, дұрыс обработка жасап үлгере шегріткелер былтырғыдай ұшып келуі мүмкін.
Былтыр да осыОрынбордың қара шегірткесі қаптап кеткен болатын. Жаңа көктеп келе жатақ егістің біраз аумағын отап тастады. Жыл сайын олармен күресіп шаршаған шаруалар өздерінше түрлі айла-амалдар да ойластырып жатыр. Мәселен Мәртөк ауданында тұратын Қиылбай Қаламғазин көлігіне зиянкестерді улайтын қондырғы орнатып алыпты. Оны былтырдан бері тапсырыс берген әріптестеріне құрастырып та берген.
Қиылбай Қаламғазин, Ақтөбе облысының тұрғыны:
-Шегірткеден шаршағанан да істедік. Сосын ауыл шаруашылығына арзан сепкіш керек. Бізде ең арзаны Қазақстанда шығарылғаны үш миллион тұрады. Қымбаттары 6 миллионнан 32 миллионға дейін. Оған ешкімнің қолы жетпейді. Мынаны алғанда мынау 450 мың тұрады.
-Биыл Ақтөбе басшылары өңірдегі барлық аймақты түгін қалдырмай шегірткеге қарсы улауды қолға алды. Сонымен қатар Ресей тарапымен келіссөз жүргізуді жалғастыруда. Бірақ көрші елдің билігі шаруаларына шегіркемен күресте қолдау көрсету үшін оны заңмен алдын ала реттеп алуы керек екен. Сондықтан биыл ол құжаттың қабылдануы екі талай. Енді ақтөбелік егіншілердің көршілерден келетін қауіпке тойтарыс беруге әркез әзір отыруына тура келеді.