Ақтөбе облысында 2007 жылы шетелдіктер тарапынан 29 бала асырып алу оқиғасы тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында 2007 жылы шетелдіктер тарапынан 29 бала асырып алу оқиғасы тіркелді

Ақтөбе облысында 2007 жылы шетелдіктер тарапынан 29 бала асырып алу оқиғасы тіркелді

Астана. 4 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында 2007 жылы шетелдік азаматтардың 29 баланы асырып алғандығы тіркеліп, бұл 2006 жылдағы көрсеткіштен 9% төмен болды. Бұл туралы бүгін агенттікке ҚР әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 4 Ақпан 2008
  • 360
Фото - Caravan.kz

Облыстық әділет басқармасының мәліметтері бойынша, балаларды асырап алу деректері Ақтөбе қаласында тіркелді. АҚШ азаматтары жетім қалған 14 баланы, испандықтар-жетеуін асырап алды. Төрт бала өзінің ата-анасын Германиядан тауып алса, екеуі Францияға аттанды. Ал Канада мен Өзбекстанның екі азаматы бір-бір баланың ата -анасы атанып, елдеріне оралды.

«Балалардың ішінен көбінесе жергілікті ұлт өкілдерінің бес жасқа дейінгі балалары асырауға алынып тіркеледі «, — деп атап өтті облыстық әділет басқармасының бастығы Айдын Тұрғанбаев.

Аймақта 2007 жылы 211 бала асырауға берілгендігі жөнінде мәліметтер тіркелді, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 12% төмен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті