Ақтөбе облысында «Алтын белгіге» үміткер 130 оқушы білімдерін дәлелдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында «Алтын белгіге» үміткер 130 оқушы білімдерін дәлелдеді

Ақтөбе облысында «Алтын белгіге» үміткер 130 оқушы білімдерін дәлелдеді

Ақтөбеде облысындағы тестілеу барысымен Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев танысты.

  • 7 Маусым 2016
  • 561
Фото - Caravan.kz

Мамандар барлық жағдай жасалғанын және мектеп бітірушілер алаңсыз сынақты тапсыра алатынын жеткізді. Жалпы, Ақтөбе облысы бойынша 6 510 мектеп бітіруші бар. Соның 74 пайызы тест тапсыруға өтініш білдірген. Өткен үш күнде 5 мыңға жуық түлек сынақтан өтті. Олар негізінен аудан мектептерінің бітірушілері екен. Ең жоғары балды Мұғалжар ауданының түлегі Қалыбек Мұңайдаров жинаған. Бүгін қаладағы 24 мектептің 900-ден астам түлегі бақтарын сынайтын болады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қауіпсіздік шараларын күшейтті. Алдын ала мәлімет бойынша, осы күні «Алтын белгіге» үміткер 130 оқушы білімдерін дәлелдеді.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім министрі:


— Премьер-министрдің тікелей тапсырамасына сәйкес, өзім келіп отырмын. Балалар дайын, ҰБТ пункттері жасақталған. Таңертең тексерілді. Қауіпсіздік шаралары күшейтілді. 
 

Соңғы жаңалықтар