Жарияланды: 320

Ақтөбе облысында бүгін тағы дауыл соғуы мүмкін

Синоптиктер Қазақстан аймақтарында 4 шілдеде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультациясын жариялады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің  басым аймақтарында ауа райы құбылмалы болғалы тұр. Тек батыс пен оңтүстікте ыстық күн сақталады, деп хабарлайды Caravan.kz "Қазгидромет" РМК ақпаратына сүйеніп.

Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде желдің күшеюі 15-20 м/с болып, бұршақ болуы мүмкін. Шығыс-Қазақстан,  Қарағанды, күндіз Жамбыл облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с болады.

Солтүстік  Қазақстан облысының  кей жерлерде тұман болады, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз жел 15-20, кей жерлерде екпіні  25 м/с болады.

Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болып, күндіз бұршақ болуы мүмкін.  

Күндіз Ақтөбе облысында жел 18 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз Кызылорда, Алматы,  Жамбыл,  Ақтөбе, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі, Маңғыстау, облысында қатты ыстық кей жерлерде өте қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Атырау облыстарында кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. 

Астана қ: көшпелі бұлтты, кей кездерде жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ болуы мүмкін. оңтүстік-батыстан  жел соғады, күші 9-14 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +19+21°С, күндіз +30+32°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +20+22°С, күндіз +34+36°С болады.                                                                      

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін