Ақтөбе облысында бұрынғы аудандық құрылыс бөлімінің бастығы сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында бұрынғы аудандық құрылыс бөлімінің бастығы сотталды

Ақтөбе облысында бұрынғы аудандық құрылыс бөлімінің бастығы сотталды

Ақтөбе. 20-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында бұрынғы аудандық құрылыс бөлімінің бастығы сотталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстық экономикалық және сыбайлас қылмыстармен күрес департаментіне сілтеме жасай отырып.

  • 20 Ақпан 2008
  • 385
Фото - Caravan.kz

Аталмыш мекеменің баспасөз хатшысы Әнуар Добрашевтың айтуынша, бұрынғы шенеунікке мұндай жаза оның лауазымды тұлға, атап айтқанда, Қарғалы ауданының құрылыс бөлімінің басшысы бола тұра, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып заңмен қорғалатын мемлекет мүддесіне 1,2 млн теңге шығын әкелгендігі үшін тағайындалған.

«Тергеу барысында осыдан бір жарым жыл бұрын мемлекеттік сатып алу бойынша ашық бәйге нәтижесіне орай «Қарғалы аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі тапсырыс беруші ретінде және «СтройЕвроДом» ЖШС мердігер ретінде Қарғалы ауданының Бадамша ауылында жалпы сомасы 6,1 млн теңгені құрайтын бір пәтерлі екі тұрғын үй салу туралы келісімге қол қойған», — деді Ә. Добрашев. Оның әрі қарай айтуы бойынша, «тапсырыс беруші келісімге сәйкес ақша-қаражатты «СтройЕвроДом» ЖШС есепшотына аударған. Алайда, мердігер өз міндеттемелерін толық орындамаған. Бюджет қаражатын алған соң Ресей Федерациясының Мәскеу облысына барып жасырынған».

«Аудандық құрылыс бөлімінің бастығы ретіндегі тапсырыс берушінің кінәсі лауазымды тұлға бола тұра, өзінің қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, қызметінің мүдделеріне қайшы екеніне қарамастан, пайда алу және «СтройЕвроДом» ЖШС-не артықшылықтар алу мақсатында тұрғын үйлерді салу бойынша жаслған жұмыстардың сапасын тексерместен заңсыз, әрі негізсіз жасалған жұмыстардың құны және шығындар туралы актілерге, сондай-ақ, беру-қабылдау актісіне қол қойған. Және осы құжаттардың негізінде «СтройЕвроДом» ЖШС есепшотына үй салуға арналған бюджет қаражатын аударған», — деп түсіндірді департамент өкілдері.

Қарғалы аудандық сотының үкімімен бұрынғы шенеунік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 307 бабы 2 тармағы (Лауазымды тұлға жасаған қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану) бойынша айыпты деп танылған. Оған белгілі қызметтерді екі жылға дейін атқару құқынан айырған шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза кесілді. Сонымен қатар, сотталушыдан мемлекет қоржынына 1,2 млн теңгені өндіріп алу туралы шешім қабылданған.

Үкім заңдық күшіне енді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті