Ақтөбе облысында ірі құс фабрикасы салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында ірі құс фабрикасы салынады

Ақтөбе облысында ірі құс фабрикасы салынады

 Мәртөк ауданының әкімі Мәди Елеусізов тұрғындарға берген өз есебінде 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму туралы  айтты. 

  • 30 Қаңтар 2015
  • 487
Фото - Caravan.kz

Олар негізінен, оң бағытта. Жан басына шаққанда орташа айлық табыс 62 467 теңгені құрайды, жылына жалпы өнім көлемі 100 пайызға ұлғайды.

Бюджетке түсім көбейді, шағын, орта бизнес дамуда, инфрақұрылым жақсаруда, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автожолы аудан аумағынан өтеді. Бүгінде 6 ауыл газдандырылды. Аудан халқының 61 пайызы газ пайдаланады. 90 пайыз немесе 21 елді мекен орталықтандырылған  сумен жабдықталды.

  2014 жылы ауданда 117 бизнес субъектісі ашылды. Жаңа кәсіпорындар өткен жылы салықтан 140 миллион теңге кіргізді.

Басты жаңалығымен әкім сөз соңында бөлісті. Қаратоғай ауылында өндірістік қуаты жылына 20 мың тонна ет өндіретін ірі құс фабрикасы салынбақ. «Эко Құс» ЖШС құрылысқа 45 миллион доллар жаратуды жоспарлауда. Жоба 200 адамды жұмыспен қамтиды. Қазірде жер бөлініп, жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен бірге жем зауыты да салынады.


Есеп беру жиынына ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Шалқар Байбеков қатысты.