Жарияланды: 470

Ақтөбе облысында контрабандалық спирт сатушы саудагерлер ұсталды

Ақтөбе облысында контрабандалық спирт сатушы саудагерлер ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қаржы полициясының қызметкерлері Ақтөбе қалалық орталық базарының аумағында 6000 литр этил спиртін тиеген жүк автокөлігін ұстады. Жүктің иелері болып табылатын Ақтөбелік екі тұрғынның айтуынша, бұл спиртті олар Ресейден сатып алып, облыстың шеткері аудандарындағы ауыл тұрғындарына сатпақ болған. Аталмыш дерек бойынша "заңсыз кәсіпкерлік" жөніндегі бапқа сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 2003-жылдың басынан бері қаржы полициясының қызметкерлері осымен 70-ші мәрте акциздік тауарлардың заңсыз саудасымен айналысып жүрген азаматтарды ұстап отыр. 10 айдың ішінде заңсыз айналымнан шығарылған жалпы өнімдердің құны 23 млн. теңгені құрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін