Ақтөбе облысында күн суытады деп күтілуде - "Казгидромет"
Республикалық Мемлекеттік "Казгидромет" кәсіпорны 7-маусымда түнге қарай Ақтөбе облысында күн суытады деген ескерту - хабарлама жариялады. |
Бұл туралы 6-маусымда ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.
Ескертуге сәйкес кей жерлерде ауаның температурасы 2 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.
Сондай-ақ, 7-маусымға күтілген жаңбырға байланысты Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарының таудан бастау алатын жекелеген өзендерінде сел жүруі, көшкін түсуі, жаңбырдың соңы нөсерге ұласуы мүмкін.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін