Ақтөбе облысында нан қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында нан қымбаттады

Ақтөбе облысында нан қымбаттады

Сәрсенбі күні Ақтөбе облысында әлеуметтік нан бағасы қымбаттады. Бұл туралы облыстық Ауыл шаруашылық басқармасы жетекшісі Қаржаубай Ыбырайымұлы хабарлады.

  • 2 Шiлде 2015
  • 354
Фото - Caravan.kz


«Шілденің бірінен бастап наубайханалар меморандум негізінде нан бағасын 47 теңгеден 51 теңгеге дейін өсірді. Бұрын бөлшек саудада 49 теңгеден сатылған нан бағасы 53 теңгені құрап отыр», — деді ол Ақтөбеде өткен брифингте.
Айтуынша, Ақтөбе облысы астық екпейді. Оның үстіне, соңғы жылдары қуаңшылыққа байланысты бидай өсіру көлемі едәуір қысқарған. Бұл факторлар өнім бағасының қымбаттауына ықпал етпей қоймады.