Ақтөбе облысында облыстық және қалалық сот өкілдерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында облыстық және қалалық сот өкілдерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе облысында облыстық және қалалық сот өкілдерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе. 13-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында облыстық және қалалық сот өкілдерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне тергеу топтарына басшылық ету жөніндегі облыстық прокурордың аға көмекшісі - прокуратураның сыбайлас жемқорлық жөніндегі арнайы прокуроры Айдар Сағынбазаров хабарлады.

  • 13 Ақпан 2008
  • 421
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Ақтөбе облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің материалдары негізінде аталмыш екі тұлғаның үстінен қылмыстық іс қозғағандығын атап өткім келеді»,- деп нақтылады А. Сағынбазаров.

Оның айтуынша, Ақтөбе облыстық сот төрағасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша: 311-бабының 4-тармағы (Пара алу), 308-бабының 4-тармағы (Билік немесе лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану) мен 363-бабы бо йынша (Қылмысты жасыру) айыпталып отыр.

А. Сағынбазаровтың мәліметтеріне сүйенсек, Ақтөбе қалалық соттың төрағасы бопсалаушылық жолымен ірі көлемде пара алды деген күдік тудырып отыр.

Арнайы прокурордың айтуынша, екі күдікті де тергеу жүргізу кезінде қызметінен босатылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті