Ақтөбе облысында өзенді ластаған шошқа фермасына күлкілі айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында өзенді ластаған шошқа фермасына күлкілі айыппұл салынды

Ақтөбе облысында өзенді ластаған шошқа фермасына күлкілі айыппұл салынды

Ақтөбе облысындағы Байбақты өзенін улаған кәсіпкер 733 теңге айыппұлмен құтылды. Балық инспекиясындағылар шошқа фермасының қоршаған ортаға келтірген зиянын осынша сомаға бағалаған. Еріксіз езу тартқызатын айыппұл көлемін айтуға прокурорлардың өздері қысылып отыр.

  • 30 Сәуiр 2014
  • 290
Фото - Caravan.kz


Экологтар Байбақты өзенінде жаппай балықтың қырылу себебін бүгін жариялаған болатын. Айтуларынша, шошқа фермасынан аққан нәжіс қалдықтарының кесірінен өзендегі улы аммиак көлемі 700 есеге артып кеткен. Қатерлі бактериялар тіпті мың есеге көп. Ал балық инспекторлары болса жағалаудан небәрі 2 келі балық таптық деп айды аспанға шығарып отыр. Олардың бұл қылығына ауыл тұрғындары да наразы. Дер кезінде келмей, артынан жөнді бақылау да жасай алмады деп ашынуда. Балықтың қырылуына түрткі болған шошқа фермасын тексеруге құзырлы органдар да қауқарсыз. Өйткені қазір мұндай кәсіпкерлік нысандарды тексеруге жыл соңына дейін мараторий жарияланған.