Жарияланды: 870

Ақтөбе облысында пішен дайындау науқаны басталды

Ақтөбе облысында жем-шөп дайындау науқаны басталды. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Владимир Литовченконың айтуынша, пішен шабу жоспарын асыра орындаған шаруа қожалықтарын марапаттау үшін облыстық бюджеттен 1,5 млн. теңге бөлінді.

Биыл Ақтөбелік шаруашылықтар 812 мың тонна шөп шабуды межелеп отыр. Ал 2002-жылы 916 мың тонна жем-шөп дайындау көзделсе де, шаруашылықтар жоспарды асыра орындағандықтан ашық алаңқайларда сақталған пішен жарамсыз болып қалған болатын.Сол себепті биыл шөп шабу мөлшерінің төменгі шегі азайтылып, қажетті мөлшердегі пішенді басқалардан бұрынырақ тапсырған алғашқы бес шаруашылыққа 300 мың теңге сыйақы тағайындалды. В.Литовченконың айтуынша, малға арналған пішен Ақтөбе облысында тек арнайы өсірілмейтін далалық шөптерден әзірленеді. Шабылған шөп ашық аспан астындағы пішен қораларда сақталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть