Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған жүздеген отбасы аш жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған жүздеген отбасы аш жатыр

Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған жүздеген отбасы аш жатыр

Ақтөбе облысында бірнеше ауыл қар құрсауынан шыға алмай отыр. Әсіресе, Хромтау ауданына қарасты Тасөткел, Белқопа, Тассай елді-мекендерімен қатыстың үзілгеніне бір аптадай болған. Аралда қалғандай күн кешкен тұрғындар сыртқы әлеммен тек телефон арқылы байланысып отыр.

  • 11 Ақпан 2015
  • 231
Фото - Caravan.kz

Жайнагүл Қожабекова, Тасөткел ауылының тұрғыны:

-Әкім ештеңе істеп отырған жоқ. Жолды  ашпаса, ертеңдері боран болып тағы  он шақты күн жатып қаламыз. Менің үйімде тамақ жоқ. Менің өзімнің шешем ауырып жатыр. Кеше жездем, апаларым жаяу кетті.

Қар басқан жолды аршуға жергілікті билік асығар емес. Тұрғындар аудан әкімдерінен бастап, құтқарушыларға дейін хабарластық дейді. Қазір Тасөткелдегі жалғыз дүкенде азық-түлік таусыла бастаған. Ал қатты науқастанып қалған тұрғынға дәрігерлер жете алмай отыр. Бұрын бұл ауылдардың жолын қиыршық тас шығаратын зауыт тазалап береді екен. Солардың көмегіне үйреніп қалған шенеуніктер биыл еш қамданбапты. Енді бірер күнде арнайы көлік жібереміз деп уәде етуде.