Ақтөбе облысында құдалар ескі өкпе-реніштерін кешіре алмай атысқан - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында құдалар ескі өкпе-реніштерін кешіре алмай атысқан

Ақтөбе облысында құдалар ескі өкпе-реніштерін кешіре алмай атысқан

Ақтөбе облысының тұрғыны өз құдасына оқ атты. Бір қызығы бұл жамағайындар арасындағы дауды қарумен шешу бұрыннан басталған дәстүр екен. Оқ тиіп жарақат алған Мақсат Мейірманов қазір ауруханада жатыр. Айтуынша, өші бар құдасы қызының тойының шырқын бұзуды көздеген. Ал оқ атқан жақ құдалары қарсы шабуыл жасайды деп арнайы жасақтың күзетіне жүгініпті.

  • 6 Қараша 2012
  • 541
Фото - Caravan.kz

Алға қаласында тұратын Мейірмановтар мен Бүркітәлиндер бір үйден қыз алып отырған құдалар. Үш жыл бұрын араларынан ала жіп өтіп, құда балалар бір-біріне оқ атқан. Бірінің баласы өліп, екіншісінікі 12 жылға сотталып кетіпті. Бұрынғы реніш еске түсті ма… араға 3 жыл салып, Мейірмановтар шаңырағында той болатын күні ескі құдасы жекжатының фермасына қарумен келген.

Мақсат Мейірманов, Алға қаласының тұрғыны:

— Бүгін қызымның тойы. Тойды бұзғысы келген шығар деп ойлаймын. Басқа не? Бәрін естіп жатыр. Кішкентай ауылда тұрып жатырмыз ғой. Басқа ештеңе емес. Тойды бұзғысы келген. Сөйтіп тапа-тал түсте атып кетті.

Мақсатты құдасы жол бойындағы шаруа қожалығының ауласына дейін қуып жетіп, көлік терезесінен оқ жаудырыпты.

Иван Кофанов, шаруа қожалығының күзетшісі:


— Ол жантайып отырды да көздеп ата бастаған кезде мен шыға келдім. Мақсат маған «Иван, шықпа. Ол сені де өлтіреді» деп айқайлады. Бәрі-бір қолыма таяқ алып қарсы жүгіре жөнелдім. Ол сол кезде кері бұрылып, қашып кетті.

Құдасына оқ атқан Жеткірбай Бүркітәлин мына үйде тұрады. Қазір бұл шаңырақты арнайы жасақ сарбаздары күзетіп отыр. Бетперде киген сақшылардың сөзінше, олар күдіктінің өмірі үшін алаңдайды. Сондықтан қорғауға алған.

Ол үйінде қамалып отыр ма?

— Ол қамалған емес, ол үйінде, біз күзетіп жатырмыз.

— Қашып кетпеу үшін ба?

— Жоқ олай емес.

Бұрыннан араз отбасы арасындағы жаңа қақтығыс бойынша, қылмыстық іс қозғалған. Енді істің ақ-қарасы тергеуден соң белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар