Ақтөбе облысында суға батып кеткен 5 жасар баланың денесі табылды
Ақтөбе облысында суға батып кеткен 5 жасар баланың денесі табылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады. Қайғылы оқиға 1 маусым күні кешқұрым Айтекеби ауданы Комсомол ауылында болды. Ырғыз өзеніне батып кеткен 2006 жылғы балдырғанның денесі су бетіне ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы бойынша ТЖД-ның судан-құтқару қызметінің 4 адамы мен 1 техникасының күшімен бір тәуліктен кейін шығарылды. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін