Ақтөбе облысында заңсыз ақбөкен аулады деген күдікпен 4 адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында заңсыз ақбөкен аулады деген күдікпен 4 адам ұсталды

Ақтөбе облысында заңсыз ақбөкен аулады деген күдікпен 4 адам ұсталды

Астана. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында "Ырғыз-Торғай" ұлттық табиғи резерваты аумағында 27 шілде күні заңсыз ақбөкен аулады деген күдікпен 4 адам ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 28 Шiлде 2008
  • 644
Фото - Caravan.kz

Резерват аумағында тексеру шараларын жүргізіп жүрген «Ырғыз-Торғай» ұлттық табиғи резерваты қызметкерлерінің мекеме директоры Н.Сәрсенбайұлы бастаған тобы сағат 11-30 шамасында Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Бәйтерек елді мекенінің маңынан күдікті «Land Cruуzer» автокөлігін байқап, тоқтатады. Көлік салонында Қызылорда облысының 4 тұрғыны отырғаны анықталды. Ал, көлікті тексеру барысында резерват қызметкерлері оның ішінен жаңа алынған 62 дана киік мүйізін, 1 килограмм киік етін, 4 пышақты, 4 дана мотоцикл дөңгелегінің камерасын, 2 автокөлік мемлекеттік нөмірін, машина дөңгелегін жаруға арналып жасалған 4 ұшты темір қаданы тапты. Заңға сәйкес сол жерде тиісті құжаттар толтырылып, қазір бұл іс құқық қорғау органдарына жолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті