Ақтөбе облысында жүк поезы автокөлікпен соғысты; бір адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында жүк поезы автокөлікпен соғысты; бір адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жүк поезы автокөлікпен соғысты; бір адам қаза тапты

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 22 тамыз. АСТАНА. Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында жүк поезы жеңіл автокөлікпен соғысты. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Тамыз 2007
  • 477
Фото - Caravan.kz



Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, апат Қызылсай станциясында темір жолдың реттелмейтін өткелі маңында болған. «Қостанай -Ақтөбе бағытында жолға шыққан №0512 тепловоз «Ниссан» көлігімен соқтығысты»,- делінген хабарламада. Министрліктің хабарлауынша, апат салдарынан «Ниссан» көлігінде отырған 51 жастағы әйел ауруханада қайтыс болып, автокөліктің жүргізушісі мен тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды».

«Поездардың қозғалысы үзілген жоқ»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.