Ақтүтек бораннан Ақтөбе мен Хромтау аудандарының арасындағы жолда жүзге жуық автокөлік иіріліп тұрып қалған. Жолды да дер кезінде аршуға еш мүмкіндік болмапты. Сондықтан құтқарушылар адамдарды жақын маңдағы ауылдарға жеткізуге тырысқан. Бірақ күштері жетпеген соң Хромтаудағы дөн-кен байыту комбинатының жұмысшыларының көмегіне жүгініпті. Солардың арқасында ауыр науқас пен жүкті әйел ауруханаға жеткізілген.