Ақтөбе облысының астық тұрақтандыру қорының 38,6 пайызы құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысының астық тұрақтандыру қорының 38,6 пайызы құрылды

Ақтөбе облысының астық тұрақтандыру қорының 38,6 пайызы құрылды

Ақтөбе. 4-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысының астық тұрақтандыру қорының 38,6 пайызы құрылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстық ауылшаруашылық департаментіне сілтеме жасай отырып.

  • 4 Қазан 2007
  • 475
Фото - Caravan.kz

«675 мыңнан астам тұрғыны бар Ақтөбе облысының бірінші сұрыпты нан өндіру үшін астыққа деген жылдық мұқтаждығы 18,1 мың тоннаны құрайды. Және де бүгінде біздің 7 мыңға жуық астығымыз бар»,- деді агенттік тілшісіне берген сұхбатында ауылшаруашылық департаменті бастығының орынбасары Владимир Литовченко. «Қалған қажетті астық көлемін осы айдың аяғына дейін аламыз»,- деп қосты ол.

«Ақтөбеліктер екі жыл бойы қуаңшылықпен күресті, сондықтан да біз халықты арзан бағадағы нанмен қамтамасыз етуді дер кезінде қолға алдық»,- деп атап өтті В. Литовченко.

Қазіргі уақытта Ақтөбеде нанның бағасы республика бойынша ең арзан. Бірінші сұрыпты ұннан әзірлеген, салмағы 650 грамм нан зауыттан 31 деңгемен шығарылады, ал бөлшектеп 35 теңгеден сатылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті