Жарияланды: 480

Ақтөбе облысының басшылығы коммуналдық қызметтерді жергілікті бюджеттің есебінен толық тегін тұтыну құқығына ие тұлғалардың тізімін ұлғайтты

Ақтөбе. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысының басшылығы коммуналдық қызметтерді жергілікті бюджеттің есебінен толық тегін тұтыну құқығына ие тұлғалардың тізімін ұлғайтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ақтөбе облыстық әділет департаментінің нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің төрайымы Лилия Хисматуллинаның айтуынша, ендігі жерде радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери нысандардағы апаттардың және ядролық сынақтардан мүгедектікке шалдыққандар тұтынған газ, жылу, ыстық және суық су, кәріз, тоқсаты мен телефон байланысы үшін ақы төлемейді. Бұл қамқорлықты жергілікті бюджет өз мойнына алып отыр". Сөйтіп, осы санаттағы мүгедектер коммуналдық қызмет төлемдерінен толық босатылғандардың тізіміндегі он екіншісі болды. Бұл мақсатқа 2007 жылы бюджетте 1,2 млрд астам теңге қарастырылған. Биылғы жылы да осындай ақша бөлу жоспарлануда. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін