Ақтөбе облысының судьясы пара алды деген күдікпен өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істі тергеуге кедергі келтіріп отыр - Бас прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысының судьясы пара алды деген күдікпен өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істі тергеуге кедергі келтіріп отыр - Бас прокуратура

Ақтөбе облысының судьясы пара алды деген күдікпен өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істі тергеуге кедергі келтіріп отыр - Бас прокуратура

Астана. 15-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облыстық сотының бұрынғы төрағасы ірі көлемде пара алды деген күдікпен өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істі тергеуге кедергі келтіріп отыр. Бұл туралы кеше өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов хабарлады.

  • 15 Ақпан 2008
  • 614
Фото - Caravan.kz

«Бүгін (14-ақпан — агенттік ескертпесі) Ақтөбе облыстық сотының бұрынғы төрағасы Мұхтар Есжанов баспасөз мәслихатын өткізді. Осыған орай Бас прокуратура былай деп мәлімдейді: Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Есжанов пен облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Қорғанбековтің пара алу дерегі бойынша Ақтөбе облыстық ҰҚК департаменті жүргізген тексеру материалдарына сүйене отырып, бас прокурор қылмыстық іс қозғады», — деді С. Нұрпейісов.

«Аталмыш қылмысты тергеу үшін ҚР ҰҚК тергеу департаментінің қызметкерлерінен тергеу тобы құрылды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жасалуда. 90 мың АҚШ доллары сомасындағы пара алу дерегі тексерілуде», — деп толықтырды ол.

«Ал сол кезде Есжанов бұл қылмыстық істі объективті тұрғыдан толық тергеуге кедергі келтіруде», — деді Бас прокуратураның өкілі.

Бұрын хабарлағанымыздай, М. Есжанов кеше өзінің кінәсіздігі жайында мәлімдеме жасаған болатын. Оның айтуынша, бас прокурор Рашид Түсіпбековтың қылмысты істі қозғау туралы қаулысы «ҚР Конституциясындағы баптарға қайшы, заң бұзушылықтармен жасалып отыр. Өйткені, негіз тек күдік ретінде бекітілген, ал жасалған қылмыс жоқ. Параны беру немесе оны алу деректері, оның тіркелгені сияқты дәлелдері жоқ».

«Бас прокурордың қылмыстық істі қозғау жөнінде қаулысы облыстық ҰҚКД бастығы мен оның қол астындағы қызметкерлердің ісмерлікпен жеткізіліп, қауесет пен өсек әңгіме деңгейіне сүйене отырып қозғалған», — деп есептейді М. Есжанов.

Оның айтуынша, оған Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық соты қылмыстарды мойындату үшін бірнеше полиция қызметкерлерімен адамдарды азаптағаны үшін 3 жылға сотталған аудандық ІІБ бастығы Ж. Қалиевтан пара алды деген кінә тағылған. «Ж. Қалиев бірнеше полиция қызметкерлерімен бірге жасамаған қылмыстарын мойындауы үшін күдіктілерді ұрып-соғып, азаптаған».

Аудандық прокурор С.Асқаровтың берген апелляциясы бойынша, облыстың соттың қылмыстық істер бойынша коллегиясы Қалиевқа қатысты басқа үкім шығарып, рақымшылық бабын қолданды. Ал М. Есжановтың айтуынша, ол сол кезде еңбек демалысында болып, коллегияның шешімі жөнінде білмеген.

«Менің тәжірибем, менің білімім, өзімнің кінәлі емес екенімді дәлелдеп беруге жеткілікті», — деді судья. Ол хабарлағанындай, бұл іс бойынша ешқандай дәлелдік негіздер жоқ. «Ондай болу мүмкін емес, өйткені ондай болған емес «. «Олар өздерінің сөздерінен жаңылып, біреуі $40 мың дейді, екіншісі $50 мың дейді, соны маған біреу арқылы берген -міс», — деді М. Есжанов.

Оның айтуынша, ол БАҚ арқылы бас прокурор Рашид Түсіпбековке ашық хат жариялаған. Сондай-ақ, ол ҚР Қауіпсіздік кеңесіне хатты ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа беру жөнінде өтінішін жіберген.

Бұрын хабарлағанымыздай, Ақтөбе облысында облыстық және қалалық сот төрағаларына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Облыстық прокурордың тергеу топтарын басқару жөніндегі аға көмекшісі, прокуратураның сыбайлас жемқорлық жөніндегі арнайы прокуроры Айдар Сағынбазаров хабарлағанындай, бұл екі адамға қатысты істі Ақтөбе облысының ҰҚКД материалдарына негізінде Бас прокуратура қозғаған.

Оның айтуынша, Ақтөбе облыстың сот төрағасына ҚР Қылмыстық кодексінің қатарынан үш бабы, атап айтқанда: 311 баптың 4 тармағы (пара алу); 308 баптың 4 тармағы ( құзырын асыра пайдалану) және 363 бап (қылмысты жасыру) бойынша айып тағылып отыр.

А. Сағынбазаровтың мәліметтеріне сүйенсек, Ақтөбе қалалық сот төрағасы бопсалау арқылы ірі көлемді пара алды деген күдікпен айыпталып отыр (ҚК 311 бабы 4 тармағы).

Арнайы прокурордың айтуынша, екі күдікті де тергеу амалдары кезінде өз қызметтерінен босатылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті