«Заң бойынша қоршаған ортаға шығарылған эмиссия мұнай операцияларының барлық сатыларында оларға белгіленген қалдықтың ең жоғарғы шегінің нормативтерінен аспауы керек екені белгілі. Алайда, «Батыс Мұнай» компаниясының қызметін тексергенде бұл компанияның 2007 жылы атмосфераға 100,5 шартты тонна азот оксидін нормативтен артық шығарғаны белгілі болды», — деп хабарлады Ғ. Әміров.
Оның айтуынша, нәтижесінде ұйымға қатысты прокурор әкімшілік іс қозғаған. Содан кейін мемлекет пайдасына 1,8 млн теңге көлеміндегі айыппұл өндіріп алынған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті