Ақтөбе полицейлерді өлтірген деп күдіктелгендердің біреуінің туысы ауыр жарақаттанды; шабуылдаушылардың арасында жаралылар бар - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе полицейлерді өлтірген деп күдіктелгендердің біреуінің туысы ауыр жарақаттанды; шабуылдаушылардың арасында жаралылар бар

Ақтөбе полицейлерді өлтірген деп күдіктелгендердің біреуінің туысы ауыр жарақаттанды; шабуылдаушылардың арасында жаралылар бар

Полицейлерді өлтірген деп күдіктелгендердің біреуінің туысы ауыр жарақаттанды, деп Ақтөбе облыстық ІІД хабарлады.

  • 5 Шiлде 2011
  • 576
Фото - Caravan.kz

Облыс ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиевтің айтуынша, 3 шілдеде шамамен 14:10 сағатта полиция кезекшісіне Кеңқияқ кентіндегі №18-ші үй бағының ішінде беймәлім үш адам, біреуі сақалды азиялық ұлт өкілінің ер азаматы және хиджап киген екі әйел шұңқыр қазып жатқанын және өздерін секемденіп ұстап жүргені туралы хабар келіп түседі.

«Оқиға орнына шыққан оперативтік топ 35 жасар У. деген Кеңқияқ кентінің тұрғынын қолға түсірді. Ол ұстау кезінде қарсылық танытып, «Аллах әкбар» деп айқайлап, полиция жаққа полиэтилен пакетті лақтырып жіберіп, көше қалтарыстарымен жасырынып кетуге әркеттенді», — деді дүйсенбі күнгі брифингте.

Оның айтуынша, ол ер азамат осы маңда тұрған қара түсті «БМВ» автокөлігіне қарай жүгірген. Сол-ақ екен, көлік жақтан екі рет тарс етіп атылған мылтық атысына ұқсас дыбыс естіледі.

ШӘАЖ (СОБР) инспекторы қашып бара жатқан У. жаққа бір рет тапаншамен атты. У. деген азамат жамбасынан жарақаттанып құлап түсті. Ал автокөлік оқиға орнынан белгісіз бағытта жасырынып кетті.

«СОБР инспекторының әрекетін Ақтөбе ІІД мамандары заңды деп таныды», — деп облыстық ІІД өкілі атап көрсетті.

Жарадар Кеңқияқ кентінің ауруханасына жеткізілгенімен, ол алған жарақаттан көз жұмды. Белгілі болғандай, өлген У. деген азамат Кеңқияқ полиция бекетінің патрульдік қызметкерлерін өлтірген деп күдіктелетін 22 жасар Бектемір Оразовтың немере туысы болып шықты.

Қазылған шұңқырдан полиэтилен пакетке оралған 16-шы калибрлі «ИЖ» маркалы мылтық салынған қынап, діни сиапттағы 16 парақтық кітапша алынды. Олардан басқа, мұнда мәсі табылып, олардың біреуінен Т1 479 мың сомадағы ақша мен салмағы 500 грамдай қара түсті ұнтақ салынған пакет табылған.

«БМВ» автомобилі тұрған жерден 16 калибрлі келте мылтық табылды.

Полициядағылар полицейлерді өлтергендердің арасында жаралылар бар болуы мүмкін деп болжап отыр.

«Сарыкөл кентінің маңында қанға боялған мақта, шприц, таңатын шүберектер табылған. Соған қарап, олардың арасында жаралылар бар, және олар өз беттерінше медициналық жәрдем көрсетуге тырысуда», — дейді полиция өкілі.

Одан басқа А. Иманалиев облыстық полиция жеке құрамы күшейтілген күзет режиміне көшірілгенін атап өтті. Барлық бекеттерде бронсауыт киген полицейлер жүргізушілердің құжаттарын, автокөлік құралдарын тексеруде және жүргізушілерді кездейсоқ жолаушыларды алмауды, жолда сақ болу керектігін ескертіп жатыр.

Бұрын хабарланғандай, 30 маусымда 20:00 шамасында Темір АІІБ Кеңқияқ кентінің полиция бөлімінің (КПБ) патрульдік қызметінің сержанттары Нұрлан Алпысбай мен Айдос Боранбаев УАЗ автокөлігімен Шұбаршы кентінде патрульдік қызметке кіріскен.

4 сағат өткен соң полицияның кенттегі бекетінің маңында А. Мамбетов деген азаматқа тиесілі MitsubishiDelicaавтокөлігінен патрульдік полиция машинасына шабуыл жасалып, полиция қызметкерлерін арқасынан атып кеткен. Полицейлер оқиға орнында қаза болды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кешегі жексенбіде полицейлерді өлтірген деген күдіктелгендерді ұстау барысында арнайы жасақ жауынгері қаза тауып, тағы үшеуі жарақаттанды. Облыс полицейлері адам өлтіргендер туралы ақпарат бергендерге $100 мың мөлшеріндегі сыйақы тағайындағанын хабарлады.

Аса ауыр қылмыс жасаған деген күдікпен алты күдікті іздестірілуде. Олар: Темір ауданының Шұбаршы кентінің тумалары, ағайынды Мамбетовтер – 25 жасар Ақылбек пен 27 жасар Тоқтарбек, 22 жасар Бектемір Оразов, 43 жасар Қуаныш Әлімбетов.

Сондай-ақ полицейлердің өліміне қатысы бар деп күдіктелетіндер арасында Темір ауданы Кеңқияқ кентінің 23 жасар тұрғыны Мирас Қаражанов, Темір ауданы Сарыкөл кентінің 23 жасар тұрғыны Айбек Жұмағазин бар.

Соңғы жаңалықтар