«Оның мәнісі — қиын грамматикасыз, сөздерді қызықты және айқын құрай отырып, қазақ тілінде сөйлеуге үйрену», — деп хабарлады телеарна өкілі Алена Алешина.
Оның айтуынша, бұл бағдарламаны жасау идеясы бастабында «Рика» медиа-холдингіне кіретін «Ақтөбе» радиосының қызметкерлеріне келген. Жоба авторлары оның тиімділігіне, өзектілігі мен белгілілігіне сенімді болғаннан кейін радио бағдарламаның теледидардағы баламасын шығару жөнінде шешім қабылданған.
«Теледидар сабақтарын топтама түрінде көрсетуге шешім қабылданды. Оның 10 минутқа созылған әрбір сериясында бағдарламаның бас кейіпкері Вячеслав Гриненко облыстың белгілі тұлғаларымен кездеседі», — деп атап көрсетті А. Алешина.
Атап айтқанда, жүргізуші ҚР еңбек сіңірген әртісі Лидия Қаденовамен, бокстан әлем чемпионы Галиб Жафаровпен әңгіме-дүкен құрады.
А. Алешинаның айтуынша, В. Гриненконың өзі Қобда ауданында дүниеге келген. Қазақ балалар бақшасына барған. Сондықтан, жүргізуші таңдау кезінде қиындық та, күдік те тумаған.
«Сөйле тілім!» бағдарламасы аптасына бір рет шығатын болады және біздің ойымызша, соның арқасында көптеген ынта білдіргендер мемлекеттік тілді жылдам үйреніп алады», — деп атап көрсетті А. Алешина.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті