Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында дала өрті ауыздықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында дала өрті ауыздықталды

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында дала өрті ауыздықталды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 13 қыркүйек. АСТАНА. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жалпы ауданы 4,6 мың гектарды құраған дала өрті ауыздықталды, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 13 Қыркүйек 2007
  • 556
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында 12-қыркүйекте 800 гектар жерді шарпыған өрт шыққан. Өрт 13-қыркүйекте 02 сағат 10 минутта ауыздықталды. «Өртті сөндіруге Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 10 адамы мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды»,- деп түсіндірді баспапсөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында 2000 гектар аумақты шарпыған өрт сөндірілді. Өрт сөндіруге 48 адам және 5 техника жұмылдырылған, оның 6 адамы мен 1 техникасы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметіне тиесілі.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Павлодар облысының Марғұлан ауылдық округінде 12-қыркүйекте 10.05 ауданы 1200 гектарға жеткен өрт шыққан. «Өрт сөндіруге 39 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылған, оның 19 адамы мен 5 бірлік техникасы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметіне тиесілі»,- деп хабарлады минстрліктен.

Сондай-ақ, Павлодар облысының Куркулинский ауылдық округінде жалпы ауданы 500 гектарды құраған өрт ауыздықталды. Өрт сөндіруге 42 адам және 15 бірлік техника жұмылдырылған, оның 14 адамы мен 5 бірлік техникасы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметіне тиесілі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, Павлодар облысының Луговский ауылдық округінде, Тоғзақ аулында 11.55-те астық дақылдарында жалпы ауданы 190 гектарды құраған өрт шықты, олардың 120 гектары арпа және 70 гектары аңыз. «Өрт осы күні 18.20 ауыздықталған. Өрт сөндіруге 17 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылған, оның 7 адамы мен 1 бірлік техникасы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметіне тиесілі»,- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті