Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жолдар жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жолдар жабылды

Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жолдар жабылды

Қарғын су салдарынан Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жолдар жабылды.

  • 6 Сәуiр 2016
  • 334
Фото - Caravan.kz

«Қазавтожол» РМК хабарлағандай, СҚО-да қардың еруі мен судың жолға ағуы салдарынан «Жезқазған-Петропавл» тас жолының 670-701 км аралығы —  Тоқсанби ауылынан Новоишимское ауылына дейінгі аумақ; «Екатеринбор-Алматы» тас жолының 729-795 км аралығы — Қостанай облысы шекарасынан Рузаевка ауылына дейінгі (781 км су аққан) учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысында қар суының еріп, жолға ағуы салдарынан 21.03.2016 күні енгізілген «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» (200-220 шақырым) жол учаскесінде барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына қойылған шектеу сақталады.  Бұл —  Мөңке би ауылынан Қайдауыл кентіне дейінгі учаске. 

Аталған учаскелерде ескерту белгілері, дабыл бағаналары қойылды. Тәулік бойына патруль ұйымдастырылды.