«Ақтөбе-Астрахань» тас жолында адам өліміне соқтырған көлік апатына қатысты тың мәліметтер анықталды (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ақтөбе-Астрахань» тас жолында адам өліміне соқтырған көлік апатына қатысты тың мәліметтер анықталды (ФОТО)

«Ақтөбе-Астрахань» тас жолында адам өліміне соқтырған көлік апатына қатысты тың мәліметтер анықталды (ФОТО)

12 қаңтарда Ақтөбе-Астрахань күре жолында адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік апатына қатысты жаңа мәліметтер анықталды. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады. 

  • 14 Қаңтар 2015
  • 392
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетейік, күре жолдың 71-ші шақырымында Қандыағаш қаласынан Ақтөбеге қарай келе жатқан «ВАЗ-2104» көлігінің 69 жастағы жүргізушісі метеорологиялық жағдайды ескермей, жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, онда жекеменшік ұйымдардың бірінің иелігіндегі «ПАЗ» автобусымен соқтығысып қалған. 

Соқтығысу салдарынан «ВАЗ-2104» көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, көлік салонында отырған үш жолаушы түрлі жарақаттармен Қардыағаш орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. 

Автобустың жолаушылары зардап шеккен жоқ. Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. 

Жыл басынан бері облыс жолдарында салдарынан 9 адам қаза тауып, 30 адам түрлі ауырлық дәрежесіндегі жарақаттар алған бес көлік апаты болды.

2
 3